Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
145

Көк арманым...
Көк арманым.
Көнбей кеткен бақпысың?
Бұлтта ізің.
Бар ма көкте қолтаңбаң?
Таң нұры боп мені өпкен жоқпысың,
Сені көрдім сол таңнан...
Самалдан да сая іздеген
Гүл – жүрек –
Бейнеңді іздеп үнім неге қамықпақ?
Күлкімде күн
Бауыр бұлттай үлбіреп,
Мен келемін қалықтап.
Бізге ғалам шаттанбайды қол соға,
Құр сенделу.
(Себепсіз жан босқан ба?)
Ұмытыппын.
Аяқсыздар болса да,
Қанатсыздар жүрмейтінін аспанда
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇