Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  105


Автор: Гүлжайнар Қалдина

Іздеу

Қиянда қиял құс алар,
Құр шапқан бірақ құмай түн.
қайыра алмадым,
құса бар,
құлыбын ішкі сарайдың.
Көгілдір кетті ұшып күз,
Кең етектейін бар айдын.
Нұры емес, мұңын ішіппіз,
Көкжиектегі арайдың.
Кебістен қашса, көнбіске
көнбес те кіреді екен-ау...
Сығалап сезім енді іске,
Бекінер...бәрі бекер-ау.
Кірпігін түннің ілдірмей,
Суырдық жүрек
Құр өкпе.
іш құсы кеткен кімді ілмей,
Қаршыға қайрат тұр көкте.
Керімсал кезден ұзамай,
Күліп көр!
Күнге кім ие?!
Диірменді талқан бұза алмай,
Дірілдеп тұрған дүние...
Кептіріп ойдың кемерін,
кемеге кере ертпеген.
Кесімсіз тағдыр белбеуін,
Бақанға барып ерттеген.
Мекені құстың жырақ тым,
Қараймын құмар қана алмай.
Жат қолындағы шырақтың,
Жарығын жүрмін көре алмай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу