Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  151


Автор: Бейбіт Сарыбай

Жалбарыну

Жаратушым,
Жебеушiм,
Ием менiң.
Бiр өзiңсiң сүрiнсем сүйенгенiм.
Мұсылманмын; құлыңмын құлақкестi,
Құдiретiңнiң сазынан күй емгенмiн.
Жан құйып,
Тән жаратқан,
Тәңiрiмсiң.
Иесiз дүниенiң бәрi құрсын.
Құлағаным, тұрғаным, жылағаным,
Бәрi-бәрi өзiңнiң әмiрiң шын.
Шуақ шашып,
Нәр берген,
Нұр тiрегiм.
Қуантып ең күн болып күркiредiм.
Жылатып ең жаңбыр боп сiркiредiм,
Бершi, Аллам, пендеңнiң бiр тiлегiн.
Шешемдi алдың,
Қайғырттың,
Құлатпадың.
Шүкiршiлiк қыз берiп жұбатқаның.
Әжем айтқан Мейiрi шексiз Аллам,
Жан қызымды ауыртып жылатпағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу