Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  129


Автор: Азамат Есалыұлы

Көшедегі өлең

Пәтерден пәтерге көшемін,
Бұл нағыз қазаққа тән қылық.
Маңдайға жазғаны осы өмір,
Көшеде келемін қаңғырып.
Көшеді пәтерден пәтерге,
Көшпелі қазақтың баласы.
Осылай өтіпті әкем де,
Бұл неткен ұқсастық,
Қарашы?..
Атам да жыл сайын көшіпті,
Жаз жайлау, қыс қыстау мекені.
Бабам да көшумен өтіпті,
Сондықтан белгісіз өтені.
Қызық қой шыжығы тағы бар,
Ел және жер танып қаласын.
Біздерге бұл күннен арылар,
Дариға – ай қандай жол табасын?
Үйсіз деп алындым есепке,
Дәп бүгін пәтерде тұрам мен.
Көшпелі халықпыз десек те,
Мен нағыз туыспын Сығанмен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу