Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  125


Автор: Азамат Есалыұлы

Олар

Олар Құдай бола алмайды өлсе де,
Жаратушым қайта ғұмыр берсе де.
Бар болғаны басшы деген аты бар,
Отырған соң кеңсе де.
Олар Құдай бола алмайды білемін,
Ақша – патша жаулап алған жүрегін.
Сынақ үшін мейірімі мол жаратқан,
Берген шығар тілегін.
Олар Құдай бола алмайды анығы,
Болса болсын ел билеген хан ұлы.
Тоғышар боп тобасынан жаңылған,
Тойғаннан соң қарыны.
Олар бірақ, Құдай көрді өздерін,
Байлық шіркін байлаған соң көздерін.
Құдайдан да зор екен деп қаласың,
Тыңдасаңыз сөздерін.
Өкінішті, бір жағынан күлкілі,
Түбі терең құдық сынды құлқыны.
Зор бола ма, қор бола ма ол жағын,
Аллам өзі анықтайды бір күні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу