Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  138


Автор: Азамат Есалыұлы

Теректей тербелемін....

Теректей тербелемін,
Тірліктің толқынында.
Көп емес көрмегенім,
Сабырым сарқылуда.
Өмірдің өзенінде,
Ескегім сынды білем,
Өгей боп өз елім де,
Ойладым мұңды кілең.
Тірліктің түрмесін де,
Қамалдым қанша ма күн.
Туғам жоқ мұң кешуге,
Азаттық аңсағаным.
Шаршадым ғаламшардан,
Аңсадым ана ауылды.
Жоқ бақыт маған қонған,
Жығайын жалауымды.
Жоқ жеңіс жеңіліс тек,
Өмір бұл мағынасыз.
Керағар шегініс көп,
Амал не бағынасыз.
Қоғамға қонақ бала,
Мен едім қалқатайым.
Қай да екен шарапхана,
Шерімді тарқатайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу