Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  97


Автор: Азамат Есалыұлы

Бақыт жайлы бір өлең

Кеше менің бақыт қонды басыма,
сол – сол екен, қу жиылды қасыма.
бақытың да бақытсыздай екен ғой,
Қу жиылып у бұйырды асыма.
У бұйырды, желім болды жегенім,
бірақ – бірақ бақыттылау өлеңім.
арманыма айналатын секілді,
Сүйгенімді бақытты етем дегенім.
Сосын солай... бұйырмады бұл бақыт,
Жарытпады жанардан жас құрғатып.
Кеше қонып ұшты бүгін шіркінің,
Шаттық толы шаңырағымды шулатып.
Қайты бүгін, қонған бақыт кешегі,
Маңдайымның соры қалың, бес елі.
Сор сорлатса, бақыт қонып басыңа,
Алма кезек ауысады деседі.
Сірә бұған сену қайда сенбеймін,
Көлгірсудің керегі не көнбеймін.
Бақытсыздар мен сияқты қуанып,
Бақыттылар кешу керек мендей мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу