Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
610
Құлагерім
Жырларың жүрегімде мына менің,
Жасымнан қанып ішкен тұмам едің.
Батыраш – тағдыр балта сілтегенде
қапыда омақасқан Құлагерім.
Алланың бәрі сияр панасына,
Құт болдың Жетісудың даласына.
Жансүгір атамыздың перзенті боп,
айналдың күллі жұрттың баласына.
Өзіңді ардақтайды әрбір адам,
Жұлдыздай жырларың бар жамыраған.
Иманын сәби кезден аялаған,
Ілияс қазақ үшін «кәміл адам».
Өлеңнің өркен жайған дәніндейсің,
Әлемге өмір сырын мәлімдейсің.
«Даланы» «Күйіңменен» күмбірлеттің,
Әсеттің әуелеткен әніндейсің.
Жастарға білім болды үйреткенің,
Сол жолда асыл сөзді түйдектедің.
Ағынды Ақсуыңды ардай сақтап,
жеткіздің Жетісудың суреттерін.
Жаттадың бала кездең жыр –қиссаны,
Сен де бір поэзияның гүлдей сәні.
Өзіңдей ақыны бар қазағымның,
болады жұлдыздармен бірдей саны!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter