Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
317
Жарыма
Ол кездері ойнақтаған құлынбыз,
Бақ-сезімнің сезе алдық па сырын біз?
Бүгін менің ақ ордамның гүлісің,
Бір кездегі шекер,
шәрбат, шырын қыз.
Екеуімізді қосқан Алла ұлық тым,
Сен өзісің тұма бұлақ, тұнықтың.
Сапарлардан асығамын қайтуға,
Саған қарай сүйікті жар,
қылықтым.
Сен тұрғанда күлімдейді көкте күн,
Өзіңменен тамыр жайып, көктедім.
Жұмысыңнан келгеніңде оралар,
Шаңыраққа қызғалдақтай көктемім.
Сен бұл күні менің аппақ арымсың,
Бұлбұл сайрап,
құстар ұшқан бағымсың.
Бал күндердің белгісіндей сен қалдың,
Шаттығымсың,
серігімсің,
жарымсың.
Ерің сенен береке мен бақ тапты,
Тағдыр бізге мол сыбаға сақтапты.
Сарайымның салтанаты сендерсің,
Сенен туған ұл-қыз қандай тәп-тәтті!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter