Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  255


Автор: Саят Қамшыгер

Аякөз деген - қазақтың жері киелі

Ақтайлақтардың сөзiндей болған жүйелi,
Әрiптiң жырын қастерлi жұртым сүйедi.
Асылдар туып, елiмнiң даңқын асырған,
Аягөз деген – қазақтың жерi киелi!
Әрiптiң тойы.
Асыр сап жатыр бүгiн ел,
Бiрлiгiң менен берекең бүгiн бiлiнер.
Өшкенi жанып, “ өлгенi“ қайта тiрiлiп,
тiрлiгiн жасап, қам жасап жатыр тiрiлер.
Абайдың өзi батасын берген әрiпке,
Бабаның сөзiн ұрпағы, сен де дәрiпте.
Ақынға қойған ақ кесененi көр дағы,
еңсемiз биiк, армандарымыз алып де
Әрiптiң тойы. Жiгер мен намыс, ар үшiн,
Халқымыз бүгiн түгендеп жатыр арысын.
Жамбылдар кеше Әрiптi ардақ тұтқан ед,
жырлары үшiн, болашақ атар таңы үшiн.
Азаматтарын Аягөз жатыр құрметтеп,
Әрiптiң жыры – өзiнше бөлек бiр мектеп.
Әлi де талай ақын мен батыр толғатар,
ибалы жұртым, иманды жина тiрнектеп.
Әрiптiң тойы.
Қаншама көңiл жайланды,
Бақыттың көшi аралап жүр ғой әр маңды.
Аягөз деген халқымның алтын бесiгi ед,
Аягөз бүгiн ән менен жырға айналды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу