Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
118
Жұматайға
Не бітірдік тұрғанменен топталып,
Дауасыз ғой ажал деген – бұл жасын.
Көз алдымда өлең-жырдың кетті алып,
Тағы да бір шаңырақ мүйіз құлжасын.
Талай дарын күте-күте тозды ағып,
Жақсыларды шығармадың төрге бір.
Тағы да бір бұлбұлыңнан көз жазып,
Ізде енді берекетсіз сорлы өмір!
Самсоз күйде тұнжырайды жиі бақ,
Енді сені əкелмейді жол мұнда.
Өңшең бала шайырларды жиып ап,
Ата қаздай жүретінсің алдында.
Дейтінсің сен: “Саған айтам ей, інім,
Мұны да бір көңіліңе қой жазып”.
Сол баяғы ағыл-тегіл пейілің,
Білмеппіз ғой жүргеніңді бой жазып.
Сен азатсың, қалды бізге пенделік,
Ағаңды еске ал, қолдарыңды жəй, қозым...
Қоңыр кешке самаладай өң беріп,
Қош бол енді, ағып кеткен ай бозым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter