Өлеңдер ✍️
Қош болыңдан, қом сулар
Туған жердің білеміз жатсынбасын,
Ошағыңды, сағынып оттың қасын,
Балалығың жоғалып қалған жерге,
Əйтеуір бір бұрасың аттың басын.
Қанша жерге япырмау тайғанаппыз,
Есіңе алшы сол кезді айдан ақ қыз.
Екеуміз де Сағызға таңдай қағып,
Одан үлкен су барын ойламаппыз.
Шөлін басып аймақтың, кезеді қыр,
Өзен еді бұл да бір өзегі жыр.
Əлмисақтан арымай келе жатқан
Бабалардың қалдырған көзі еді бір.
Ойхой, дəурен, бір шеттен көрінер Жем,
Кемпірқосақ арада керілер кең.
Көкпеңбек боп шұбалып жатушы ең дер,
Түсіп қалған белбеудей серілерден.
Жытқыр жылдар жоғалды бұрылмастан,
Бағың тайып бұл күнде сұрың қашқан.
Балдырлардың астында жылтырайсың,
Сияқтысың ауру көз ірің басқан.
Үңілемін шалшыққа, сортаңға кеп,
Сең жүретін қайдасың сойқанды өзек.
Шортандарың жататын көкке шоршып,
Шабақ түгіл бұл күнде сайтан да жоқ.
Төгіп-шашып жоғалды талай масыл,
Қалай ғана жүрегің қараймасын.
Біздің өлке ғажайып ару еді,
Сол арудың сындырдық шар айнасын.
Ей, Табиғат, арнасын толтыр, көкем,
Өзеніме көмектес өлтірмесең.
Қарасаң да кай жаққа қараң қалғыр
Ала шаңдақ, ақ тақыр, кемпір бет өң.
Жоғалттық біз осынау мырза күнді
Қайран өзен бұздық-ау ырғағыңды.
Ақ Сағыздың бойынан əнші жігіт,
Енді мəңгі таппассың сырғалыңды.
Енді сені кім жазар байлап, емдеп,
Жаратылыс жасаған қайран еңбек!
Менің алтын өзенім, бас жағыңда,
Шыр айналып жүрермін пəруанаң боп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter