Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  119


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Ғұмыр қайда кілең бақпен өрілген...

Ғұмыр қайда кілең бақпен өрілген,
Мезгілдерім сағымдардай бос ақты.
Нөсерден соң көкжиекте керілген,
Көрдің бе сен жарты кемпірқосақты?
Сəулеленіп жетіқат көк шатыры,
Көрінер ол барлық бұрыш, тараптан.
Сол менмін гой сені күтіп ақыры,
Бұл жалғаннан жалқы кетіп баратқан.
Сарғалдағым, сені көрем түсімде,
Бұл дерт тіпті қанға сіңді, айт емін.
Сылқып аққан ғұмыр-дария ішінде,
Сенің шөбің ілікпесе қайтемін?
Ойға алғанның бəрі біткен, шағылған,
Не қыламын қыздырманы, базарды?
Күн өткізем көз жасына шомылған
Қаудыраған оқып еске ғазалды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу