Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
120
Іргемізден ағатын тасқынды өзен...
Іргемізден ағатын тасқынды өзен,
Жағасында отырып жас күнде мен.
Дидарыңды сар далам сенің ғажап,
Алғаш рет өлеңмен кескіндегем.
Өзіңде өтті бал күнім, бал сағатым,
Ей, күндестік, бұл жерде алшақ атың.
Шығып қырға – мінберге жыр оқысам,
Саршұнақтар қаз тұрып қол соғатын.
Аунап-қунап гүліне, торқасына,
Армансыз бір қонақтап жартасына.
Астанаға содан соң ұшып кеттім,
Өңшең дүлдүл шайырлар ортасына.
Бірден – бірге азая түсті ажарым,
Елестетті бұл қала құс базарын
Бір-бірінің мұңдарын естімейді,
Кетеді екен лағып, тысқа зарың.
Босқа еткізбей осынау кезімді алтын,
Деген оймен келіп ем, сөзім қалсын.
Мейірімге тапшы боп бара жатсам,
Туған далам тосатын өзің барсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter