Өлеңдер ✍️
Күре жолда - күн қала
Адамзаттың үмітін жалғаған,
Жер бетіне қанша жол салды адам.
Жасампаз жаңа қала орнады,
Елімнің картасында болмаған.
Қайырмасы:
Дархан қазақ даласы,
Қандай әсем, қарашы.
Бой көтерді тағы бір
Елімнің нұрлы қаласы.
«Қарын – Жарық» құмына жан беріп,
«Жібек жолы» жол бойына сән беріп,
Жүретін ұрпақтардың жолы бұл,
Бейбіт ел арасында тербеліп.
Қайырмасы:
Маңғыстаудай мұнайлы өлкемнен,
Талай елге тарамды жол келген.
Осы жол, болашақта бұл қала,
Жалғайтын бүгінімді ертеңмен.
Қайырмасы:
Арындаған жыл өтсін, бәрі бір,
Бақыт пенен байлықтың жолы бұл.
Халқымның жас қаласы – бұл қала,
Туысқан елдерменен жаны бір.
Қайырмасы:
Жан бітіріп суарған құмға да,
Қарайтындай көрген жан таң қала,
Сәулетті, дәулетті де ертеңі,
Күре жол бойындағы, Күн қала!
Қайырмасы:
Шарықтай бер сәндене,
Арқау болып әнге де,
Арқау болып жырға да,
Жасай бер, жаса, Күн қала!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter