Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2022
149
Мәрзия апай
Баланың бесігінен қуаттанған,
Ананың жүрегінен шуақ тамған.
Әкенің ардақтаған шаңырағы,
Мекені мейірімнің сияқтанған.
Қайырмасы:
Абзал Ана,
Ардақты Ана,
Әз Ана!
Асыл Ана,
Аяулы Ана,
Жан Ана,
Мәрзия апай!
Сәнімен биіктетіп аласаны,
Жанымен жүректерге жол ашады.
Аяулы Ана деген әсем атың,
Өзіңе арналғандай жарасады.
Қайырмасы:
Жаратқан жан сияқты жанын құстан,
Дәулеті – абыройы алып ұшқан.
Пейілі аппақ қардай жаңа жауған,
Жүрегі жаралғандай сағыныштан.
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter