Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
131
Туған жерге тағзым
Жалғанда сенен артық жер жоқ маған.
Сен менің асылымсың ардақтаған.
Тойларың, қуанышың үзілмеген аңсарым.
Тағдырым да, тілегім бір өзіңменен.
Қайырмасы:
Шу бойы шұрайлы, арайлы өлке.
Күннің де шуағы тарайды ерте.
Бас иетін қасиеттім.
Төсіңде әділдік пен шындық бағы.
Тамған жер Төлебидің кіндік қаны.
Мойынқұм сырласың да, құрдасың да, мұңдасың.
Хан тауың тұр айбатыңдай, қайратыңдай.
Қайырмасы:
Жайлауың жұпарыңа таң қалып қап,
тұрады аспаныңда ән қалықтап.
Толқының сияқтанып ерке бұрым бұралып,
Қыздарың ғой аруындай ертегінің.
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter