Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
245
Мұстафа Шоқайдың монологы
Кеудемде сырлы саз барда,
Көлдегі ерке қаздарға,
Елдегі көркем қыздарға
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
Жұпарын қырқаның
сағындым,
сағындым
қалқашым,
шашыңның бір талын!
Самалын Арқаның
сағындым,
сағындым!
Қоштаспай кетем бе...
Қорқамын.
Сағыныш кернеп кеткенде,
Еркелеп келген көктемге
Сәлемнен өзге жоқ менде,
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
Елдегі құрдас, жақыным,
Сағынса сырлас ақынын,
Самал жел, менен ақырын
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter