Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
205
Қимас қалқа
Аңсарым – әнім,
Жүрегім – жалын,
Көз алдымда күлімдеп
Тұрасың, жаным.
Қайырмасы:
Қимас қалқам-ай,
Өмір әрқалай,
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң-ай
Сағынышым әлі бір
Тұр ғой тарқамай.
Қимас қалқам-ай.
Тосып тұр менің,
Ғашық күндерім.
Қабағыңды ғажап-ау
Ашып күлгенің.
Қайырмасы:
Зәулім шынарым,
Ләйлім – шырағым.
Жүрегіме жайылған
Айдын шуағым.
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter