Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
163

Аялаған арман
Аяла, сағынышымдай боп,
Өзің аңсар әнім,
Көріскенше, жаным,
Жүрегімде жалын-ай!
Аяла, қуанышымдай боп,
Мәңгі аңсағаным,
Өзің таң самалым,
Сен деп ән саламын-ай!
Қайырмасы:
Ах – ау,
күлімдеген таңдар-ай!
Ах – ау,
жүрілмеген жолдар-ай!
Өмір – мәңгі сағыныш,
Көңіл деген әр қалай!
Армандар-ай, армандар!
Мәңгілік махаббатымдай боп,
Жеткіз алыстарға,
Жауындарда қалма,
Дауылдардан қорғап-ай!
Таң күліп ата алатындай боп,
Бұзылмасын тойлар,
Сызылмасын ойлар,
Үзілмесін арман-ай!
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter