Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
171
Жан ана
Жаныңнан дән боп өнгенмін,
Қуат боп нәрді сен бердің.
Түңіліп, талай қуанып,
Сүрініп, талай жөнделдім,
Жан Ана!
Сен үшін зәулім шынармын,
Тамырым жайған құнарлым!
Сағынтып талай, шаршатып,
Түсіңе енген шығармын
Жан Ана!
Арамыз кетті алыстап,
Шақыра алмайсың дауыстап.
Дүниенің барлық шаттығын,
Жүрсің-ау маған бағыштап,
Жан Ана!
Мен десең жаның көбелек,
Сағыныш болып себелеп.
Ренжіп әлде жүрсің бе,
«Хабарласпайды неге» деп,
Жан Ана!
Тілегім болсаң күрсінбе,
Жүрегім болып дүрсілде.
Сағынтып біраз, сағынып
Құлының жырақ жүрсін де,
Жан Ана!
Жан Ана!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter