Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
129
Бір сағыныш қиялымды тұсапты...
Бір сағыныш қиялымды тұсапты,
Әсерсіздеу ашық аспан,
таңғы леп.
Столдағы алдым дағы пышақты...
Турадым ғой,
нанды кеп.
Көкірегімді қысады мұң,
ендігі ой,
Суға бату бар қайғымды арқалап.
Қойдым суға!
Тағы ақылым жеңді ғой,
Жағалауға жүзіп шықтым шалқалап.
Үшінші рет...
Енді өлемін,
Анық бұл,
Тұрдым да сәл өз-өзімнен жұтап тым,
Тым асығыс шырпы тауып алып бір,
От жақтым да...
Темекімді тұтаттым.
Пышақ пен су, от, –
Бәрі де еңселі,
Сан ұмтылдым өмірімді үзбекке.
Ажал, енді шақырмаймын мен сені,
Ап кетпесең енді өзің іздеп кеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter