Өлеңдер ✍️
Қайыршы
Жалқау емес,
Жанын салар жұмысқа.
Еңбегіне көрген емес ақы алып.
Жұрттан аулақ отырар бір қуыста,
Сыр айтпайды ешкімге де тақалып.
Берген асты ішер жерін қарашы,
Итке сүйек тастайтын жер емес пе!
Қайырымсыздау, қара жүрек ағасы,
Дастарқанға жолатпайды оны әсте.
Сұм бауыры сараң тіпті нанға да:
Бұдан гөрі көп тиеді тышқанға.
Бұл бейшара өлмес үшін сонда да,
Қиқым жейді, көңіл қоймай ұрысқанға.
Тұз жетерлік.
Тұзды тағам қаншама.
Тағы, міне, қонаққа үйдің толды іші.
Шөміш толы судың өзін бейшара,
Төгіп алып, отыр өнді шөл кысып.
Талғау етті үлесіне тигенін,
Іше берсін үйде, мейлі, жұрт асын.
Дұғасы бар алған аздап үйреніп,
Соны оқыды салып ынта-шынтысын.
Бірге сөйлеп сүйек, бұлшық еттері,
Ол өзінің дұғасына тояды.
«Өлтірсе де осы жерден кетпеймін»
Деп Құдайға жалбарынып қояды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter