Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  109


Автор: Ибрагим Иса

.... Жатасың түнде....

.... Жатасың түнде,
Жатасың ұйқың келмесе
Беймаза сұрақ тағы да іздеп табар кеп.
Сен егер сонда:
Әдемі емес ол, –десең.
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар!– деп.
Келмейді ұйқың,
Келмейді тіпті кел десең,
Ойлайсың; рас, өтірігі қайсы болар деп.
Сен егер сонда:
Онша ақылды емес ол, –десең,
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар! –деп.
Бойыңды билеп қорқыныш деген немелер,
Көкірегіңе көңілсіз жайлар толар кеп.
Жүрегіңе айтсаң:
Құрисың ғой!– деп сен егер.
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар! – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу