Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
123
Деревнядағы түндер
Терезені шертіп өтті тымық жел,
Егістікке ұйып түскен түнім – бал.
Бөдене үні,
жұлдыз семіп дірілдер,
Күлдір-күлдір кісінейді құлындар.
Қолда шылбыр.
Келіп кірдім табынға,
Ыршып тұрған әне бір ат қалды ұнап.
Шабындықта,
самал ойнап жалында,
Көрші ауылға келеді алып арғымақ.
Жалбыз біткен жапырылып тұяқтан,
Сауыр су боп,
шық шалғында жүзген ем, –
Дүние маған тұнып тұрған
сияқты ән,
Жолығарда қарапайым қызбенен.
Сүйем бәрін,
маған ауыл түнін бер,
Қобалжыған жүректе бір сырым бар.
Бөдене үні,
жұлдыз семіп дірілдер,
Күлдір-күлдір кісінейді құлындар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter