Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
129
Не үшін?
Ол мүлдем бала болатын –
Даусы нәзік,
Көзі отты.
Ол мүлдем жап-жас болатын –
Әзіл мен сөзге өзі епті.
– Орманға, кәне, барайық!
– Бұлбұлдар әнін тиыпты…
Сонау бір жолда қарайып,
Орындығым тұр сүйікті.
– Кетейік, кәне аулаққа!
– Көрейік, кәне, нұрды аппақ!
Барасың жанды баурап та,
Сөйлеймін мен де сырғақтап.
Бермейді тыным, сезім де,
Білмейтіні көп ол қыздың.
Онымен қалған кезімде
Сергекпін,
әрі жалғызбын.
Мінекей, мұңлы ол енді,
Мінекей, қиын кездесу.
Не істесем екен мен енді,
Түсінбей қойды-ау сөзге шын.
Несіне бардық орманға?
Ояттық неге бұлбұлды?
Несіне көрдім сол маңда
Орындық деген құрғырды?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter