Өлеңдер ✍️
Күзгі орманда
Барлығына ырзамын бұл күйімде!
Жеймін тойып, тәп-тәтті тілді үйірген
Бүлдіргенді,
қып-қызыл бүлдіргенді!
Кесірткені қуалап жіберем де,
Ұйқас іздеп жатамын бір өлеңге.
Қиқулаған дауыстан тұрдым енді,
Балықшы құс…
қиналып аласұрған,
Қайың менен қарағай арасында,
Бір мұң бар-ау көзінің қарасында…
Ойлар-сынды асықпай жүзеді бұлт,
Етекте өзен ағады тізені ұрып,
Шүмпілдейді ой бақыттың шарасында…
Күзгі орманды керемет ұнатамын,
Ал көк аспан жаяды алақанын.
Қайтем енді бәрін де айта беріп,
Болсам, шіркін, жапырақ, нуға керек,
Болсам жаңбыр,
орманды шуға бөлеп,
содан кейін өмірге қайта келіп,
Қайтам үйге,
күтеді жұртым мені,
Ал содан соң үйімнен бір күндері,
Жолға шықсам,
өзімді мазаладым,
Айту үшін:
-Жапырақ болдым, – деп те,
Айту үшін:
-Ақ жауын болдым, – деп те!
Сеніңіздер,
өтінем,
таза жаным…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter