Өлеңдер ✍️
Матростар бір бұйрықты тұр күтіп.
Матростар бір бұйрықты
тұр күтіп.
Қым-қиғаш үн жатыр борттан бортқа асып.
Қым-қиғаш үн дауылпазды үркітіп,
Гудоктардан азан-қазан порт басы.
Тәртіп қатал!
Кеттім тығыз жұмыспен.
Әйел менен жылы ұяны қалдырып.
Әскерше емес,
қарапайым жүріспен,
Аяңдаймын,
Қар да асаймын қарлығып.
Түртіп қап ем,
сыңғыр дыбыс төгілді,
Бір бұтақтан мұзға жатқан қамалып…
Қайта-қайта үрлеп келем қолымды,
Таза ауада кеуде кере дем алып.
Мені мұнда ешкім айдап келген жоқ,
Осы портта қалғым келіп бөгелгем.
Ал теңізге махаббатым сөнген жоқ,
Түскім келмей отырамын кемемнен.
Мына бір қыз қудай болған жүзі аппақ,
Көре алмадым одан шаттық, шер-күйін.
Сары аязда тоңған құстай тызақтап,
Отыр жалғыз баспалдақта ербиіп.
– Матрос!– дейді ол,–
Ұйықтасаң ғой құныспай,
Қайда асықтың?
Үлгересің,
тоқтай тұр!
– Пардон! – деймін. –
Кетіп барам жұмысқа,
Уақытым жоқ сеніменен оттайтын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter