Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  146


Автор: Ибрагим Иса

Жолымды менің бөгеді...

Жолымды менің бөгеді,
Кең бөксе машиналар кеп.
Ойладым: «Құдай береді,
Жақсылық енді болар», – деп.
Далада өрген сол көлік,
Түспейді көзге ат деген.
Тұрса да шөптер тербеліп,
Көңілсіздігі кетпеген.
Түк те жоқ мұнда таң қалар,
Қаңыраған қойма көресің.
Бүлдірмейді енді қарғалар
Председательдің төбесін.
Сияқты керуен-жыл құсы,
Қалаға тартып барады.
Жоқ бірақ тойдың белгісі,
Аздаған шаршау бар әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу