Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
142
Шектестік
Менің өскен ауылым
Ғажап еді!
Арба үні де қуаныш кішігірім.
Ауылдағы бір қызға,
Көзі әдемі,
Ұнаушы едім,
Ұнайтын кісілігім!
Онда тіпті үйде жоқ
Заңғар биік,
Дей алмаймын,
Кемеге мініп көрдім,
Аузым жалғыз картоп пен
Нанға тиіп
Жүрсе дағы,
Мынадай жігіт болдым!
Мен ер жеттім,
Джаздың әуенімен,
Жезөкшелер үніне құлақ түріп .
Азап шектім,
(енді оның керегі не)
Тартатын бір қалаға шуақты үміт!
Кенелгендей бейне бір мол бақытқа,
Қаланың да тірлігін жүрдім көріп
Шіркін, кейде,
Кететін бір уақытта,
Қалада да,
Ауылда тұрғым келіп.
Қала...
Қала…
Ауылды ысырады!
Тас төселді,
Даланың шаңын басып,
Кейде менің мазамды қашырады,
Қала менен ауылдың айырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter