Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
126

Көгілдір көктің бәрі нұр!
Николай Рубцовтан
Көгілдір көктің бәрі нұр!
Көгілдір пойыз қаншама!
– Қай орын сізге?
– Бәрі бір,
Қай орын, қай жер болса да.
Толқытқанымен тағдыр да,
Сілкінбес жаным жаңғырып.
Тұнжырап сылбыр жаңбыр да,
Кеткендей ізін қалдырып.
Аңсау жоқ,
жаным дерт еді,
Болмады-ау менің сырласым.
Жалықтым күзден мен, тегі,
Мысымды басып тұрғасын.
– Кешір сен,– туған аймағым,
Өзіңнен кеттім,
жаным жыр.
Жо..жо..жоқ,
ойнап айтамын,
Көрісеміз ғой тағы бір.
Жолығу үшін тағы бір,
Шығарып тұрсың жолға сен.
Көгілдір көктің бәрі нұр!
Көгілдір пойыз – ол да әсем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter