Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  136


Автор: Ибрагим Иса

Жағымпаздар жарысы

Данышпанның атын алып,
Жалған тұлға отыр әні,
Бізде бәрін сатып алып,
Бізде бәрі сатылады.
Бұзылды әбден бірлігіміз,
Құзырлылар батыр әлі.
Біздің қазір тірлігіміз,
Сату менен сатып алу.
Алғаннан көп бергеніміз,
Ойдағысын отыр алып,
Біздің кәсіпкерлеріміз,
Сатады тек, сатып алып.
Адалдығың алыс әлі,
Шырылдайды сағынышың.
Жағымпаздар жарысады,
Ел басына жағу үшін.
Біреулердің ақымағы,
Депутат боп отыр әні.
Депутаттық орындар да,
Бізде түгел сатылады.
Шығармайды бүгін дара,
Жүрегінің оты барды.
Чемпиондық тұғырды да,
Алдын-ала сатып алды.
Осы шығар оқығаны,
Осы шығар тоқығаны.
Ақ үйің де сатылады,
Сәбиің де сатылады.
Біз үлгіміз көршілерге,
Атақ алар жатып алып.
Шет ел барған әншілер де,
Жүр атағын сатып алып.
Тауса алмаймыз атап бәрін,
Шенеунік жоқ құлақ қояр.
Көбейтпесек атақтарын,
Ел басынан ұят болар.
Сатылады награда,
Атақтар да сатылады.
Олар заңға бағына ма,
Тоғышарлар отыр әлі.
Орындықтар сатылады,
Жер қалмады сатылмаған.
Ақымақтау аты бары,
Ақыл айтап отыр маған.
Заман қалай арайланар,
Өз бағытын таппаған соң.
Ел байлығын аяй ма олар,
Қалтасынан шықпаған соң.
Ашылады бәрі кейін,
Жеңгенің мен жеңілісің.
Ер басының абыройын,
Жүргендер көп төгу үшін.
Адалдығың алыс әлі,
Шенеуніктің бәрі мүсін,
Жағымпаздар жарысады,
Ел басына жағу үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу