Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  272


Автор: Ибрагим Иса

Әзіл

Әкелетін бірде бақыт, бірде мұң,
Қайда шіркін,
қайда сол бір күндерім
Қыз қуумен өткен қайран қызу шақ...
Таңдайыңнан дәмі кетпес түнгі ерін...
Қыстың түні болса-дағы ызғарлы,
Сірі табан қаршылдатып мұз, қарды
Жүретұғын
қайран сол бір кездер-ай,
Шығарып сап,
қарсы алатын қыздарды.
Емес еді ұйқы біздің еншіміз,
Күн батты ма,
қызды ауылға елшіміз.
Кейде кештеу келе жатсам есігін
тықылдатып тұратұғын көрші қыз.
Талай-талай сұлуларға кез болып,
Талай рет кетіп жүрдік өзгеріп.
Енді міне, шығып жатыр біртіндеп,
Не бір керім қиял қыздар көзге ұрып.
... Әне біреу мен көрмеген қай мүсін?..
(Көмейімнен шықпай қалды-ау байғұс үн)
О, бойжеткен, бойдақтардың бақыты,
Сезсеңдерші үйленгендер қайғысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу