Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
184
Тағы бір ақынға
Бір ақынның кешінен шаршап қайттым,
Қайтам деп ем жыр тыңдап шаршатпайтын.
Тек әншейін түрі екен асқақтаған,
Өлең жазып жүр екен қол соқпайтын.
Ақыл айтқан сияқты аш балаға,
Ақыл айтты ол маған да, басқаға да.
Гүл өлеңнің исі де,түрі де жоқ,
Өлеңіне қара да, тасқа қара.
Мықты ақынмын деп өзін сезінетін,
Қораш болып кетті ол көзіме тым.
Жанашырды жүдетіп жүр осылар,
Жақсы жырға жүрегі езілетін.
Басқаларға жүретін тісін қайрап,
Көбеюде осындай масыл бейбақ.
Үйге келіп кітабын оқып едім,
Шикі өлеңдер кетті ғой ішімді айдап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter