Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  258


Автор: Ибрагим Иса

Алматының ауа райы

Жердегі жайлы тұрағым,
Өшпестей болып қалды аты.
Көтеріп тұрып тұманын,
Жөтеліп тұрды Алматы.
Бозарған таң да таянды,
Бұлтты аспан тұрды тіл қатпай.
Алматы күліп оянды,
Бір аунап тұрған сырқаттай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу