Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
130
Қадағандай тәніме жебелерді...
Қадағандай тәніме жебелерді,
Мына сырқат, ойпырмай, неге келді?!
Шөлдесек те адасып жүрген жақсы-ау,
Тар төсекке несіне шегеледі.
Салмақ басып тұрғандай бар денені,
Жеңілдетер аңсайсың бірдеңені.
Мынау өмір не деген мағынасыз,
Мынау өмір не деген күрделі еді!
Бақыт бар деп өзіңді құр алдама,
Бақытты өмір дегенің – қиял ғана.
Асық, мейлің асықпа, барар жерің
Белгілі ғой, аялда, аялдама.
Шүкір дейік, бармысың, тірімісің?!
Тырбыңдайсың әйтеуір күнің үшін.
Мүмкін, кейде ауыру керек шығар,
Мына өмірдің қадірін білу үшін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter