Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
137
Менің музам
Әр адамда болу керек бір сенім,
Сенімімді өзім іштей өлшедім.
Менің жүрек-домбырамның музалар,
Әлсін-әлсін шертіп қойып жүр шегін.
Құйқылжыған саздары да әр түрлі,
Жанға жайлы не бір әуен тартылды.
Шырқасам ғой осы әуенге қосылып,
Ұйыстырып, қиыстырып бар тілді.
Сонау көкке жеткізетін төбемді,
Ұстай алсам сол бір әсем әуенді.
Уақыт күліп жетер еді маған да,
Бақытты боп кетер едім мен енді.
Шаппай жүрген шабытымды қамшылар,
Менің де бір бөлек музам бар шығар.
Тыңдап ал да жүрегімнің әуенін,
Ей, оқырман, керегіңді аршып ал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter