Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
206

Жылдар - құстар
Барады кетіп жылдарым,
Қанатында құстардың.
Саны олардың қосылып,
Ұшып жатыр асығып.
Тізбектелген бұл құстар,
Оралмасқа жол бастар.
Қайтаруға жоқ менің,
Қайта келер көктемім.
Келмес кейін, жаз бен күз.
Соңғы маусым суық қыс.
Біртіндеп бәрін әкетер,
Жылдар болып ұшқан құс.
Мезгілі жетсе уақытпен,
Дүниеден кімдер өтпеген?
Соңғы құспен ілесіп,
Көтерілем көкке мен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter