Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  202


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Құмдағы із

Құмдағы із,
Қазір бар да, болмас кейін.
Ұйытқыған жел,
Жасайды өз дегенін.
Қозғалар желмен,
Қоршаған бар айнала.
Көреміз әп-сәтте,
Құм даланы өзгерткенін.
Көп ұсақ тас,
Қосыла алмай бастары,
Соққан желмен,
Кейпі өзгеріп тұрады.
Жиынтығы,
Қиыршық тастардың
Бола алмас,
Қалған іздің тұрағы.
Құмдағы із,
Уақытша біліңіз.
Қалар басса,
Жерде басқа, іздері өзгенің.
Қалмайды ізі,
Құмда ұзақ кезгеннің.
Айнала құм, алда сағым –
Бағыты құмда жүргеннің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу