Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  95


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Жан мен тән

Жарлығымен Жаратқанның дүниеге адам келерде.
Тәндегі жан құйылар сырттан жансыз денеге.
Сол сәтте қосылар адамда жан менен тән.
Жүру үшін бірге, жазылған тағдырдың жетегінде.
Жан менен тән бір-бірімен жақын қабысқан.
Алға сүйрер адамды уақытпен жарысқан.
Уақыт жалғастырар мәңгілікке өз жолын.
Ал адам жүріп өтер, өлшеп берген ғұмырын.
Дене – құты, уақыт өте кетер сыры, кетер сыны.
Жетсе мезгілі, сынар бір күні, құты шыны.
Іштегі жан бөлініп, сол кезде шығар сыртқа,
Жаратқанмен қайтадан, мәңгілік қауышпаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу