Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
107
Кейуана
Жалғыз, көптің арасында
Отырсың қамығып, кейуана.
Еңсең түсті неліктен,
Қалды ма көңіл барлығына?
Аппақ болған самайын,
Маңдайдағы әр әжім.
Қалдырды ма, өз ізін
Тауқыметі тағдырдың?
Түсті ме еске құрбыларың,
Кеткен өтіп арадан.
Түңілдің бе әлде, балаңнан,
Ақ сүтіңді ақтамаған?
Орындалмай көп арман,
Шаршатты ма бұл жалған?
Сүйенерге болмай жан,
Тілеу тілеп Алладан.
Көңілді көтер, кейуана,
Алда, беріп, аларында.
Қиындықта есте ұста,
Жұмақ сенің табаныңда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter