Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
99
Олар таңды тоспады
Алыстағы бауырлар,
Кеткен еді енші алып.
Сағынышпен жүретін,
Ата жұртты еске алып.
Артта қалған туған жер –
Баба қаны тамған жер.
Бодан болып басқаға,
Азаттықты тосқан ел.
Ер-Түріктің ұрпағы,
Талай ғасыр аңсады.
Қатарға алып қосуды.
Бірге туған бауырды.
Тәңір қолдап қазақты.
Тәуелсіздік таңы атты.
Ғасырлармен ағайын,
Күткен осы сағатты.
Ата жұрттың азаттығы –
Армандардың асқары.
Паш етуге әлемге,
Олар таңды тоспады.
Орындалды тосқаны.
Олар таңды тоспады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter