Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
119
Ата түрікке
Сұрапыл соғыс, қан майдан,
Айналаң тұтас, от пен оқ.
Төбеде биік, жеке тұрған,
Дәл қазір саған, қатысы жоқ.
Сәл бүгіліп, күйзеліп қатты,
Тұрсын ойға терең бөленіп.
Арқалап бар ауыртпалықты,
Қалдың ба, сол үшін бөгеліп?
Сәл бүгілдің, сәл бөгелдің,
Табуға қиындықтың шешімін.
Көрсетіп қабілет, жігер-қайрат,
Алға бастап, жауды жеңдің.
Суреттегі ерекше осы бейне,
Жігер берер жаңа жеңістерге.
Түбірі бір, тарихы ортақ,
Біртұтас түркі дүниесіне.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter