Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  174


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Ұлт дамуының формуласы

Әр ұлттың дамуы мен өрісі –
Қасиеті мен еңбегінің жемісі.
Не азайтар, не көбейтер табысты,
Өзіндік үлесімен әр кісі.
Қасиетімен анықталар әркімнің,
Қай бағытта болатыны еңбегінің.
Көрсеткіші болар жан дүниесінің,
Ардақтауы ұлт мүддесін.
Күнделікті өмірдің жағдайында,
Адамның басына түскенде сын.
Сол сәтте болар білуге,
Әрбір жанның қасиетін.
Біреуден талантымен біреу асса,
Кенеліп жатса табысқа.
Болу керек қуаныш!
Болуы мүмкін қызғаныш?
Көңілмен жарқын келісті,
Болып оған қуанышты,
Аялай білсе талантты,
Қолдай білсе жетістікті.
Адамның осы қасиеті,
Ұлт дамуына –
Ұлғайтады үлесті.
Көре алмаса біреуді,
Мақсат етіп төмендетуді,
Жаман болып тілеуі,
Құлатса егер «Құлагерді»,
Адамның осы қасиеті,
Ұлт дамуына –
Тиер кері әсері.
Күндестік пен қызғаныш,
Түсіп жатса басына,
Құтқаратын бар, бір ғана іс –
Еңбек етсең асыра!
Білгені жөн мұны әр кісі.
Еңбек – табыстың
Тоқсан тоғыз пайызы.
Бұған болмас ешкімнің баламасы,
Жасампаз еңбек –
Ұлт дамуының формуласы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу