Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  167


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Екіжүзділік

Жан да, тән де бір дейміз,
Біртұтас болады деп үнемі.
Олардың ажырайтынын білеміз,
Дүниеден адамның өткен күні.
Бөлінетіні жанның да екіге,
Кездеседі құбылмалы өмірде.
Қаққа айырылар оның өзегі,
Ар-ұяттан адам кеткен кезінде.
Сол кезден бастау алады,
Адамның адамға жат тірлігі.
Оның нақты сыртқы көрінісі –
Кейбіреулердің екіжүзділігі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу