Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
135
Жаныңда мен сенің
Сезініп жалғыз жалғанда,
Жабырқап жеке қалғанда.
Мұңайма сен, мұңайма,
Сағынышпен мені ойла.
Табыламын қасыңнан,
Жаныңдамын деп сана.
Жүрсем алыс шалғайда,
Жаныңдамын деп сана.
Арман қосып, арманға,
Болайын cенің қасыңда.
Біргемін мен өзіңмен,
Өтіп жатқан заманда.
Жүздесерміз сағына,
Жақсылықтар көп алда.
Жанға шуақ төгетін,
Жігер саған беретін.
Жетелесін бір сенім –
Жаныңдамын мен сенің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter