Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
115
Өзіңмен
Кездеспесем өзіңмен,
Ғашықтықты білер ме ем?
Махаббатты сезе алмай,
Өмірде мен жүрер ем.
Кездескенде өзіңмен,
Шаттыққа мен бөленем.
Нұрлы сенің көзіңнен,
Жан шуағын сезінем.
Кездеспесем өзіңмен,
Жалғыздықты сеземін.
Мазалайды тек бір ой –
Eнді қашан көремін?
Өзіңді аңсап жүремін,
Білемін, сені сүйемін.
Болуға бірге өзіңмен,
Барлығына көнемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter