Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
122
Пәктік
Нәзіктігін,
Жайнаған қыр гүлінің.
Аппақтығын,
Қарының тау шыңының,
Мөлдірлігін,
Бұлақтан аққан судың.
Кербездігін,
Айдында жүзген аққудың,
Даралығын,
Нұрланып, атқан күннің.
Тазалығын,
Таң да соққан самалдың.
Тартымдылығын,
Жаңа туған айдың.
Жинақтасақ,
Солардың барлығын,
Құрастырар,
Жас сұлудың пәктігін!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter