Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  154


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Өмір кітабы

Атқан таң, батқан күнмен,
Ашылып, жабылады,
Өмірдің әр парағы.
Әр пенде, әр күнде,
Өзі жазып, қалдырады,
Күнделікті тірлігін.
Сол парақтар құрастырар,
Тұтас болып кітап,
Әр адамның ғұмырын.
Мақсат емес қалыңдығы,
Ерекше оның маңызы —
Мәні менен мазмұны!
Бұл кітаптың аса құдіреті —
Негіз болар ашылғанда,
Әркімнің «Амал дәптері»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу