Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
445
Армысың, алқалы елім ардақтаған...
Армысың, алқалы елім ардақтаған,
Арқаңда қанат қағып, самғап барам.
Арыдап мүшел жаста топқа түссем,
Жар болар, жақын келіп, əруақ маған.
Ұлы Жүз – Үйсін баба – түп тамырым,
Жетісу – Жерұйығым – құт қадірім.
Суанның* сүттен аппақ сұлуларын,
Сатайдан* табады екен жұрт та бұрын.
Қызы едім мен Болатбекің,
Айнұр – атым,
Ұстаған салт-дəстүрдің бай-мұратын.
Қазақтың қызы деген абыройға,
Сөзі мен өзін бірге сай қылатын.
Өзімді келгенім жоқ мақтайын деп,
Ақ жолын ата-баба сақтайын тек.
Алдыңа келіп сəлем беріп тұрмын,
Сенімін сенген жұрттың ақтайын деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter